Роза Әлқожа Дина Төлепбергенге: Мен күйзеліске түстім, бала-шағама ие боларсыз

Роза Әлқожа "Астарлы ақиқат" бағдарламасын айыптап, өзіне кері әсер еткенін жазды. Тіпті денсаулығы сыр бергенін айтты. Ұтыс ойынының әділ өткенін тағы ескерткен әнші Дина Төлепбергенге жеке үндеуін жазды. 

Роза Әлқожа Дина Төлепбергенге: Мен күйзеліске түстім, бала-шағама ие боларсыз

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды. 

"Астарлы ақиқатты" көріп шықтым. Біржақсы айтылған. Тек бізді айыптайды. Содан бері ұйықтай алғаным жоқ. Күйзеліске түстім. Денсаулығым сыр беріп жатса, бала-шағама ие боларсыздар. Мені бағдарламаға келген жоқ депсіздер. Мені ешкім шақырған жоқ. Видеожазба жіберсін депсіздер, оны жібердім. Басқаша сөйлеудің керегі не? Қанша жылдық абыройымызға нұқсан келді", - деп жазады ол.


Қатысушы: "Астарлы ақиқат" нағыз жалған бағдарлама, Айгүл Иманбаева да, Дина Төлепберген де екіжүзді адамдар


Әлқожаның айтуынша, бағдарламаған келген әйелге өзі көмектесіп, ақшасын қайтарып берген екен. Алайда ол Ақбота Керімбекова ойнатқан ұтысқа да қатысып, ақша салған дейді. 

"Мені туыстарына көлік берді деп айыптап жатыр. Олар Түркістан, Қарағанды, Атырау тұрғындарына. Еш жақындығы жоқ. Өздері де жаза жатар деп ойлаймын", - деп өкпесін жеткізді әнші.

Бұған дейін 5 миллионға дейін ақша құйдық деп ашынған халық Ақбота Керімбекова мен Роза Әлқожаның ұтыс ойынына қатысып алданып қалғандарын айтқан болатын. 

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр