Роза Әлқожа артық салмағы үшін жылдар бойы елден қысылып келгенін айтты
Сахнаға кеш шыққандықтан, әншілердің көбімен жақын араласа алмаймын! Бұл өнер көшіне кешірек ілескен Роза Әлқожаның сөзі. Әншінің сөзіне сенсек, жылтырақ пен сән-салтанатты ұнататын әріптестерін оның ішкі әлемі қабылдай алмайды.
Сондықтан да Әлқожа тек өзінің бұрынғы әріптестерімен, қаламы қарымды журналистермен сырласа алатынын “Бақытты әйел” бағдарламасында айтты.
“Сахнаға кеш шыққанымның әсері шығар көбімен дұрыс араласа алмайтыным. Ішкі редакторым қабылдамайтын адаммен араласа алмаймын. Сырласатын достарым – журналистер. Өйткені олар бұрыннан өлең, ән жазған кезде талай сырларымызға куә болған, ақыл берген”, – дейді Роза Әлқожа.
Бұдан бөлек, әнші өзін билеген комплекстері жайлы әңгімеледі. Жастай еңбекке араласып, бауырларына қамқор болғандықтан сырт келбетінен талай қысылғанын жасырмады.
“Бір жерге шақырса апаратын тойанаң болмай қалады, я болмаса кешегі киген көйлекті қайта кигің келмей қалады. Негізі тұрмыс адамды билейді ғой. Күйеуім де журналист. Өзіміз газет шыққанға қуанатын қарапайым адамбыз. Оның үстіне көпбалалы отбасы болғаннан кейін өз-өзімізді күтіп, сәндеп, бір жерге барған кезде күтімі керемет болып отыратын адамдар емеспіз. Ана бес маймылдың мультфильмі бар ғой, тура сол біздің үйде. 5 бала, кішісі түні бойы ұйықтамауы мүмкін. Үшеуі оқушы, олар да жеке тұлға, әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлу керек. Үлкені – студент, оған да алаңдайсың”, – дейді әнші ағынан жарылып.
Сондай-ақ, Роза артық салмағы үшін жылдар бойы халықтан қысылып келгенін айтты.
“Толықтығым үшін қысылатынмын. Төртінші баладан кейін толық болып кеттім, арықтай алмадым. Толықтық деген көп адамда комплекс тудырады. Киімдерің сыймайды. Біреу саған қалжыңдап: “Арықтамайсың ба?” десе де, көңіліңе тиеді. Бірақ халықтың тарапынан толықтығыма қатысты ештеңе демеді. Жекелеген адамдар сын айтады. Тіпті, толып кеттім ғой, күйеуім мені жақсы көре ме екен деген де ой болады”, – деп түсіндірді әнші.
Әлқожа бір кездері көңіліне кірбің түсірген достары жайлы да айтып өтті.
Сосын үйіміз дұрыс болған жоқ. Жер алдық, үш бөлмелі кішкентай ғана үй салдық. Ол жартылай бітпей ішке кіріп алдық. Көңіліміз даладай, қаншама қонақ күттік сол үйде. Сонда үйге келіп, күліп кеткен адамдар болды. Аты дардай Роза Әлқожаның үйіне келсек деген сөздерді де айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Балғынбек Имашев: “Жүрсіннің жүйрігі” болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз
Құжатына көңілі толмайтын жұлдыздар кімдер
Сиситай: Баян Мақсатқызы түсірген жаңа фильмнің трейлері желіні “жарды” (видео)