Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құжатына көңілі толмайтын жұлдыздар кімдер

Кезінде «Оскар» жүлдесінің пайымымен «үздік актриса» деп танылған Дженнифер Лоуренстің бар шындығы ашылды. Желіде сылқымның жеке құжатының фотосы пайда болған. Онда өнерпаздың шын есімі «Зубкова Екатерина» деп көрсетілген. Ақиқаты қайсы?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Дарынды актрисаның жаңа есімді төлқұжатын, қырағы көрермен «Красный воробей» фильмінің трейлерінен байқап қалған. Дженнифер Лоуренс аталмыш картинада, ресейлік тыңшының образында төбе көрсетпек.

Отандық өнер жұлдыздары арасында да, өмірдегі түр-келбеті мен арнайы құжаттағы бет-бейнелерінің келіспей жататындары бар. Мәселен, мына кекілді аруды бір қарағанда ешкім Айнұр Ілиясова деп айтпасы анық.

Ал, бұл жүректі каскадер әрі дарынды актер Ерден Телемісовтың төлқұжаты. Сері балалық шағында суреттегідей көзілдірік таққан бозбала болған көрінеді..

Кезінде ғаламторда тараған Ерке Есмаханның да фотосы, табынушыларын таң қалдырғаны бар. Әншінің өзі, ескі суретін жан баласына көрсеткісі де келмеген.

“Қайдан білейін бұл суреттің хит болып кететінін. Сол кезде білсем, 8-сыныпта әдемі болып, боянып түсетін едім сол суретке.  Өзім негізі әппақ қызбын, бірақ ол жерде қап-қарамын неге екенін білмеймін. Шашымды, кекілімді неге қиған, шашым бұйра-бұйра. Сол суретті білмеймін қайсысы ерінбей, тауып шығарғанын. Сол кездегіні есіме түсіріп, жүзіме күлкі ұялатты”, – дейді Ерке.

Құжаттарының көшірмесін қолды қылғандар қатары, мұнымен таусылмақ емес. Жанкүйерлеріне Төреғали Төреәлі ретінде жақсы таныс сері, іс жүзінде Турегали Туреалиевич. Ал, танымал тележүргізуші «Адиль Лиян» – Лиянов Әділ Дәулетұлы.

Қысқасы, егер төлқұжатыңыздағы фотоңыз көңіліңізден шықпаса, қынжылудың да еш пайдасы жоқ. Сәтсіз сурет, тек сізде ғана емес…

Жіберіп алмаңыз:

Сиситай: Баян Мақсатқызы түсірген жаңа фильмнің трейлері желіні “жарды” (видео)

Әуелбекова КешYou-дің көшірмесін құрды деп сынағандарға жауап берді

Қалыңмал берген жоқ: Нұрбигүл Егізова келін болып түскен өңірдің елде жоқ салттары туралы айтты (фото)

Тойда бидің түбін түсірген Мақпал Жүнісова мен Кенжебек желіні шулатты (видео)

Талқылау