Әуелбекова КешYou-дің көшірмесін құрды деп сынағандарға жауап берді

Баянға тағы бір бәсекелес пайда болды. Ол өзінің бұрынғы шәкірті Әуелбекова. Продюсерлікті қолға алған Мөлдір, қыздар тобын құрып оны жақында жұртқа таныстырған еді. Алайда, әншінің жаңа жобасы бірден сынға ілікті. Гелзбендті көпшілік «Кешьюдің» көшірмесі дейтін көрінеді…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Әуелбекованың шәкірттері таңертеңнен кешке дейінгі уақытын, дәл осы дайындық бөлмесінде өткізуде. Вокалдан дәрісті Мөлдірдің өзі берсе, бұрымдылардың сахналық би қойылымдарымен арнайы хореограф айналысады. Өткен ауқымды іріктеудегі 400 үміткердің ішінен, топқа 4 қыз таңдалған.

“Төртеуінің бойлары бір-біріне жақсы келіседі. Екі қыз бір жерде оқыған болып шықты. Екі қыз бір-бірін әр түрлі ән байқауларында көріп, соңында барлығы бір-бірін танитын болып шықты”, – дейді Әуелбекова.

«Назар» тобының құрамы 18 бен 21 жас аралығындағы арулардан тұрады. Бүгінде 7 жылдық келісім шартқа отырған қос тарап, қызу жұмысқа кірісіп кеткен. Бірақ, бұл жобадан жаңашылдықты байқамаған көпшілік «Кешьюдің көшірмесі» деп сынайтын көрінеді.

“Өйткені мен өзім топта болдым. Сол себепті салыстырады, салыстырсын. Олда бір өзінің септігін тигізеді. Мен одан қорықпаймын салыстырғаннан. «Кешьюдің» қазіргі бағыты басқа. Біздің бағытымыз басқа”, – деп түсіндірді Мөлдір.

“Он жылдық тарихы бар үлкен топпен, жаңа топты салыстыру негізі дұрыс емес деп ойлаймын. Он жеті миллион халық болғандықтан, он жеті миллион адамның сонша түрлі ойы болады. Бәрінің неше түрлі пікірі бар… Бәріне бірден жағу оңай нәрсе емес. Негатив те бар”, – дейді “Назар” тобының қыздары.

Бірақ, жас қыздардың жігері жаншылмақ емес! Өйткені, Мөлдір Әуелбекова арулардың мұңаюына мүмкіндік бермейді.

“Қаталдық болған жерде тәртіп болады. Әрине, ұрсатын кездер болады. Иә, бірақ қатты емес! Біз ұрсатындай ештеңе істеген жоқпыз”, – дейді “Назар” тобы.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Алагөзова Конституция күнін білмеген қыздарды кастингтен қуып шықты

Образын өзгерткен Жұлдыз Әбдікәрімованы жұрт сынап тастады (видео)

Қалыңмал берген жоқ: Нұрбигүл Егізова келін болып түскен өңірдің елде жоқ салттары туралы айтты (фото)

50 жасқа толған Жанар Айжанова дүркіретіп той жасады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар