Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 жасқа толған Жанар Айжанова дүркіретіп той жасады (видео)

Шоу-бизнес әлемінде тағы бір қуаныш! Күні кеше жезтаңдай әнші Жанар Айжанова 50 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады. Тойға қазақ эстрадасы өкілдері тайлы-тұяғы қалмай түгел жиналды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қадірлі қонақтар қатарынан табылған Мақпал Жүнісова әдеттегідей әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, кештің сәнін келтірді. Халық артисі замандасының кешінде ерекше шляпасымен көзге түсті.

Ал Жазира Байырбекова жас күнінде Жанар Айжановаға ұқсағысы келгенін айтып, сөз сөйледі.

“Мені сахнаға болашақ Жанар Айжанова деп шақыратын. Ол кезде болашақта сіздің қасыңызда тілек айтып тұрамын деп ойламағам. Аллаға шүкір, мен бақыттымын”, – деп ағынан жарылды ол.

Сондай-ақ, Роза Рымбаева, Лидия Кәден, “Музарт” тобы, Мирас пен Құралай, Гүлзира және Нұртас Айдарбековтер, Асхат Тарғын, Нұрболат Абдуллин және тағы да басқа өнер иелері Айжанованың қуанышына ортақтасты.

Айтпақшы кеш барысында той иесі жұбайымен вальс биледі.

#ЖанарАйжанова#50жас💐🎹🎤

Публикация от Жанболат Ербатыров (@zhanbolaterbatyrov)

Әншінің жалғыз қызы Айжұлдыз болса заманауи стильдегі киімімен елдің назарында жүрді.

Жіберіп алмаңыз:

Бөксесі мен аяғын кезек көтеріп билеген Меруерт Түсіпбаеваның биі желіде шу болды (видео)

Алтынбек Қоразбаев: Төреғали мені тиын-тебенге айырбастап кетті

Хикаяның жалғасы: Төреғали мен Мөлдір Мейрамбектің тағы бір әніне клип түсірді (видео)

Сәкен Майғазиевтың келіншегі төртінші перзентіне жүкті болып шықты (видео)

 

Талқылау