Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роман Кармазин: "Әлімханұлы әлі Кроуфорд деңгейіне жеткен жоқ"

Фото: Getty Images

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты сарапшылар арасында түрлі көзқарастар айтылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Betonmobile порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Әлімханұлы америкалық чемпионды кездесуге шақырып, бұл айқасты жанкүйерлердің барлығы қызығушылықпен көретінін мәлімдеген еді.

Алайда бұрынғы әлем чемпионы Роман Кармазин қазақстандық боксшы әзірге мұндай деңгейдегі жекпе-жекке дайын емес екенін жеткізді.

"Жәнібек жақсы боксшы, оны жеке танимын. Бірақ супержұлдыз мәртебесіне әлі жеткен жоқ. Сондықтан Кроуфордпен айқасқа дайын деу ертерек", — деді ол.

Сонымен қатар, әлем чемпионы Бахрам Муртазалиев керісінше пікір білдіріп, Әлімханұлы америкалық қарсыласын жеңе алатынын атап өтті.

Осылайша, қос боксшы арасындағы ықтимал кездесу төңірегінде талқылаулар жалғасуда.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 21:21
Талқылау