Роботтар адамдармен бірге жартылай марафонды жүгіріп өтті
Қытайдың Бейжің қаласында роботтар адамдармен бірге жартылай марафонды жүгіріп өтті. Оның қорытындысы бойынша, Tien Kung Ultra атты гуманоид робот рекордтық нәтиже көрсетті. Алайда ол ең жылдам жүгірген адамнан едәуір артта қалды. Жеңімпаз қашықтықты 1 сағат 11 минут 7 секундта еңсерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Xinhua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото:Kevin Frayer/Getty Images
Жарысқа жалпы 20 екі аяқты робот қатысты. Олардың әрқайсысын штурмандар, операторлар мен инженерлерден құралған арнайы командалар басқарды. Қауіпсіздік мақсатында анероидтар үшін бөлек арнайы жолақ бөлінді. Роботтар сол жолмен жүгіріп өтті.
Жартылай марафон кезінде роботтардың батареяларын ауыстыруға рұқсат етілді. Көптеген робот-модельдер жарыс жолына өздері құралған зертханалардан жіберілді. Сондықтан олар сынақтан толық өтпеді.
Tien Kung Ultra роботы гуманоидтар үшін рекордтық нәтиже көрсетіп, қашықтықты 2 сағат 40 минут 42 секундта жүгіріп өтті. Ал 10 мың адамның арасынан біреуі суырылып шығып, 1 сағат 11 минут 7 секундта мәреге жетті.
"Адам құлаған кезде бірнеше қарапайым қимылмен қайта тұра алады. Ал роботтар үшін бұл процесс әлдеқайда күрделі. Көптеген буындар жоғары айналу моментімен бір уақытта жұмыс істеуі қажет", – деп түсіндірді CASBOT SE роботын жасаған стартаптың негізін қалаушылардың бірі Ян Гуодонг.
- Жапония ғалымдары роботқа адамның тері жасушаларын бекітіп, оны "күлдіру" әдісін ойлап тапты (видео)
16 шақырымда Tien Kung кенеттен құлап қалды. Оны сүйемелдеген инженерлер көмекке келіп, тіпті резервтік андроидты іске қосты. Дегенмен жарыс ережелері бойынша, ауыстыру жұмыстары кем дегенде 10 минуттық айыппұлға әкеп соғар еді. Алайда бес минуттан кейін Tien Kung қайта іске қосылып, марафоншылардың қатарына қосылды. Содан кейін ол сүрінбеді.
Роботтар арасында екінші орын N2 моделі, үшінші орынды Шанхайлық DroidUp компаниясы әзірлеген гуманоид робот иеленді. Жалпы саны алты адам тәрізді роботтар мәреге жетті.
Бұған дейін Еуропада 10 миллиондаған адамға жасанды интеллекттің кесірінен жұмысынан айырылу қаупі төніп тұрғанын жазған едік.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
