Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Rixos Aktau-да 5 жасар баланы электрокар соғып кетті

Электрокар Rixos Aktau қонақ үйінде 5 жасар баланы соғып кетті,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Rixos қонақ үйінің аумағында электрокар баланың аяғын жарақаттады. Ақтау полиция басқармасы 102 кезекшісінің пультіне 10 қыркүйек күні сағат 22:50-де қоңырау түскен.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оқиға орнына барып, Rixos қонақ үйінің аумағына кедергісіз кіріпті.

Маңғыстау облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың ата-анасы соғып кеткен адамға қатысты шағымы мен арызы жоқ екенін хабарлады. Медициналық сараптамадан өтуден бас тартты.

Бұған дейін желіде тараған видеода полиция қызметкерлерін Rixos-қа  кіргізбей жатқанын, ал кінәлілер "бәрін тыныш шешуге" тырысып жатқанын айтқан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтаудың бас санитар дәрігері Әсима Жарылғасованы қонақ үй аумағына кіргізбеген еді. Дегенмен, кейін бас санитар Rixos-ты тексерді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Новости Казахстана (@42500_tenge) on

STAN.KZ
Сәрсенбі, 16 Қыркүйек, 2020 07:27
Талқылау