Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау қаласының бас санитарлық дәрігерін Rixos қонақ үйіне кіргізбей қойды

Ақтаудың бас санитарлық дәрігері Әсима Жарылғасованы Rixos қонақ үйіне тексеруге кіргізбей қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Кеше біз Rixos-қа тексеру үшін үшінші рет әрекет жасадық, бірақ біз оған қол жеткізе алмадық. Бүгін түскі астан кейін қонақ үйдің өкілдері бізге неге рұқсат бермейтіндігін түсіндіреді. Біз мемлекеттік органбыз, сондықтан мұндай әрекеттер біздің жұмысымызға кедергі келтіреді», - деді Әсима Жарылғасова Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығында.

Санитарлық дәрігер демалу орындарына тексеру алдын-ала ескертусіз жүргізілетінін түсіндірді. Мобильді тексеру тобы рейдтік шараларды шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғастырмақ.

Бұған дейін шенеуніктер Rixos Aktau-ға турлардың бағасын 256 мың теңге екенін түсіндірген болатын. Осы бағаға авиабилеттер мен қонақ үйлерде үш күн және екі түн тұруға болатыны айтылды.

Талқылау