Қазақстандық жеңіл атлетші АҚШ-та өткен "Бриллиант лигасында" қола жеңіп алды
Семейден шыққан қазақстандық спортшы Надежда Дубовицкая АҚШ-та өткен жарыста үшінші орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Надежда Дубовицкая "Diamond League Eugene 2022" жарысында биіктікке секіруден 3-орын алды. Нәтиже 1,93 метрді құрады", –деп хабарлады Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Бұл қазақстандық спортшының "Бриллиант лигадасындағы" алғашқы өнер көрсетуі. Ол бірден Олимпиаданың қола жүлдегері, украиналық Ярослава Магучих пен әлем чемпионатының қола жүлдегері АҚШ спортшысы Вашти Каннингемнің қатарына ілікті.
Надежда Дубовицкая 24 жаста, Семей қаласында дүниеге келген. Қазір спортшы биіктікке секіруге маманданған Altay Athletics клубының намысын қорғап жүр.
Жабық кеңістіктегі әлем чемпионатының, Азия ойындарының, жазғы Азия чемпионатының және жабық кеңседегі Азия чемпионатының жүлдегері. Биіктікке секіру бойынша Азия рекордшысы (ашық стадион мен жабық кеңседегі). Ол Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында биіктікке секіруден алдыңғы қатарда, дәл осы өңірдің намысын Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Ольга Рыпакова қорғаған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
