РИО-2016: Қазақстанның байдаркашылар «төрттігі» 1000 метрлікте 10-шы орын алды
Қазақстанның байдаркашылар «төрттігі» Илья Голденов, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий мен Александр Емельянов Олимпиада жарысында оныншы орынға тұрақтады.
Фото: sk-sport.kz
Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.
В жұбаныш финалында қазақстандықтар екінші болып келді. Олар 1000 метрлік қашықтықты 3 минут 08, 715 секунд уақытта жүзіп өтіп, 10-шы орынға тұрақтады.
Қазақстанның осы спорт түрінен әйелдер командасы да жалпы есепте осындай орынға тұрақтады. Байдаркада әйелдер «төрттігі» В жұбаныш финалында екінші келді. 500 метр қашықтықта Зоя Ананченко, Ирина Подойникова, Наталья Сергеева мен Инна Клинова 1 минут 39, 419 секундта оныншы болып келді.
Жіберіп алмаңыз:
РИО-2016: Аслан Кахидзе қарсыласынан ұтылды
Рио: Мамандар қырғыз атлетшісінің қанынан стрихнин тауып алды
Рио-2016: Сабина Әшірбаева Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады
Рио-2016: Қазақстан жалпы медальдар санын бүгін 17-ге жеткізді
Талқылау