Рио-2016: Сабина Әшірбаева Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін көркем гимнастикадан ел намысын қорғаған Сәбина Әшірбаева жарысты 12-ші орынмен аяқтады.

Фото: vesti.kz
Бұл туралы ҚазАқпарарт хабарлайды.
Ол жекелей көп сайыста жалпы есепте 69,232 ұпай жинады. Осы көрсеткішімен жалпы есепте 12-ші орынға табан тіреді. Осылайша Әшірбаева Рио Олимпиадасын жүлдесіз аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, көркем гимнастикадан 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында қазақ қызы Әлия Жүсіпова 5-ші орынға ие болған болатын. Содан бері спорттың бұл түрінен әлі бір отандасымыз Олимпиада ойындарында биіктен көріне алмай келеді.
Жіберіп алмаңыз:
Олимпиадада топ жарған ауыр атлеттер Алматыға келді (фото)
Балуан Ғалымжан Өсербаев қола жүлде үшін тартыста жеңіліп қалды
Рио-2016: Нұрислам Санаев жүлдесіз қалды
Дариға Шәкімова бокстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"