Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зайытов “Орда” тобының солисін қылмыскер деп атады

Белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов «Сырласу» бағдарламасында қонақта болып, біраз сырымен бөлісіпті.

ринат-1000x600

Әрине, айтыскермен сұхбат болғаннан кейін, әңгіме айтыс тақырыбын да қозғамай кетпеген. Айтысқа қатысты әлі де болса кедергілердің алдынан шығатынын айтыпты. «Айтысқа шақырса — барамын, бірақ, көп жағдайда менің қатысуымды қаламайтындар бар көрінеді» — дейді ақын.

Айтыскер, шығармашылық адамының әдемі қыздар көрсе, немқұрайлы қарай алмайтынын да айтты.

«Жоқ ондай емеспін деп өтірік айта алмаймын. Әдемі қыздар көрсем қарайтыным рас. Оны әйелім де, бәрі біледі. Алайда, Алла сақтасын отбасыммен ешқашан ажырамаймын» , – дейді ол.

Сосын сұхбаттың дені қазақ эстрадасы төңірегінде өрбіді. Ринат та біраз танымал әндердің мәтінін жазып жүрген ақын. Осыған қатысты да сауал қойылды. Айтыскер ақын қазіргі әншілерді «қазақи және қазақи емес» деп бөлетінін жеткізді. Сонымен қатар кейбірінен тіпті жиіркенеді де екен.

“Қазақи әншілерге болысқым келеді…мүлде ұнамайтын, атын естігім, түрін көргім келмейтін әншілер бар. Анау “Орда” тобындағылар шығарып отырған бір балалар бар. Солардың ата-анасы, достары қайда қарап отыр? Соларды телеарнаға шығарып отырған да қылмыскер, топ ретінде тәрбиелегендер де қылмыскер”, – дейді Ринат.

Ақын, заман осындай екен деп дәл солай шектен шығып кетуге болмайтынын ашына айтқан. “Олардың орынына, Серікбол Сайлаубек, Төреғали Төреәлі секілді әншілерді көп жарнамалауымыз керек”, – дейді ақын.

Өткізбеңіз:

820-300x160Инвестиции окупаются за год. Сколько стоит стать “звездой” в Казахстане

Талқылау