Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ринат Зайытов: Таныстарым жұмыс сұрап келеді, қабылдамасам ренжіп кетеді

Ринат Зайытов жақында мемлекеттік қызметке келді. «Алатау» дәстүрлі өнер театрына басшылық қызметке кіріскеніне көп уақыт бола қоймаған белгілі ақын ақтарыла сұхбат берді.

«Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ»: Зайытов эстафетаны жалғастырды (видео)

Бұл туралы ақын «Ең алғашқы» бағдарламасында айтты.

«Мемлекеттік қызметке келген себебім – пайдамды сөзбен емес, іспен тигізгім келді. Еңбек еткім келді. Сол кезде ұсыныс та түсе қалды. Абыройыма қазір адамдар түсінбегеннен нұқсан келуі мүмкін, алайда менің ойымдағы жұмысым орындалса, дегенімді істей алсам, шынымен қазақ ұлттық өнеріне қалағанымдай еңбек ете алсам, ол абырой қайтып келетініне еш күмәнім жоқ. Бәріне уақыт керек» - дейді ақын.

Ринат Зайытов өзін айыптайтындардың көп екенін, тіпті жаңа қызметінде жұмыс сұрап келетін таныстарының баршылығын айтты.



«Мені жұмысқа ала ғой дейді. Жұмысқа ала алмайтынымды айтсам, адамдар ренжиді. Былтырғы жылға дейін өзім де көп адамды айыптайтынмын, әр нәрсеге кінәлі іздейтінмін. Ал қазіргі арманым – Алла қанша ғұмыр берсе, қалған ғұмырымда тек қана қазақтың басын қосу. Біздің қазақ ұлты ешқашан бөлінбеген, бір-біріне кешірімшіл болған. Әулеттің ішінде біреу қисық болатын болса, оны өздері тезге салып, түзетіп алатын, өте терең, өте мықты ұлт екенін қайта көрсеткім келеді бәріне. Ең болмаса, өзім арқылы», - дейді Ринат Зайытов.

Талқылау