Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ринат Зайытов өзін итке теңеген адамға жауап берді

Бұған дейін желіде Ринат Зайытовқа қатысты жұмбақ өлең жарияланған еді. Өлең желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Айтыскер Ринат Зайытов жұмбақ ақынға өз жауабын айтты.

Ринат Зайытов

"Иә, бұл ит өмір,

Дау айтады оған кім?

Ит өмірде өз ісіме адалмын, 

Күзетемін түн ұйқымды төрт бөліп.

Тұтастығын мына байтақ даламның.

Атағыңмен малданғанмен бұрынғы,

Сен де итсің ғой, кім біліп жүр құныңды.

Өз иеңе өзің қарсы үресің, біреу құйса жуынды.

Иттігіңе жоқ ешқандай таласым, 

Алып жүрсің соның бүкіл бағасын

Басқа иттерден сенің артықшылығың

Сәл қаттырақ үресің

Сондықтан да дарасың,

Қанша қатты үрген сайын еңбегің де еленіп,

Сонша тамақ табасың.

Әттең, ыдысыңа жуындыны кім құйса, соның иті боласың.

Шәуілдейсің ханға қарсы қорлана,

Жұртты айдайсың алаң жаққа зорлана

Мен арланмын, ел тынышын қорғаймын,

Ал, сен болсаң бұралқы итсің 

Айырмамыз сол ғана.

Ит боп жүріп қане қандай сый қылдың

Өз ордаңа өзің үріп күйдірдің.

Қаны таза қазақы итпін мен болсам,

Тәуелсіздік тәңір берген тартуым

Ал, полицей күзетшісі халқымның

Қожайынға адалсың деп налисың

Адалдық ол әу бастан-ақ мәрт ұғым", - делінген өлең мазмұнында. 

Ринат Зайытов жұмбақ авторға алғысын айтып, ұсынысын жолдады. 

"Менің көңіл-күйімді сәл де болса көріп отыр. Ең әуелі менің кішкентай шығармашылығына осынша назар аударып жатқаның үшін алғысымды айтамын. Сонымен бірге өзімнің ұсынысымды айтайын. Домалақ арыз деген 30-жылдары өтіп кеткен дәурен ғой. Бүркеншік атпен шығатын бәрі. Сен кім екеніңді білмеймін, егер екеумізде осындай кереғар пікір туса, неге онлайн айтыспасқа? Немесе айтысқа бейімің жоқ адам болса, пікір талас жасамасқа. Осындай ұсынысым бар", - деді Зайытов.

Айтыскер желіде жұмбақ авторды ашық пікір-таласқа шақырды, жүзін жасырмай бетпе-бет күресуге ұсыныс айтты. 


Оқи отырыңыз

Зайытов: Қолына көк ту ұстап жүретін, кабинеті бар ағалар, осы жағдайдан елді аман алып шығыңыздаршы


 

Талқылау