Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Резонансты істерімен танылған: Полиция полковнигі Рустам Абдрахманов Алматы облысындағы қызметіне оралды

Фото_ facebook_Рустам АбдрахмановФото: Рустам Абдрахмановтың желідегі парақшасынан

Полиция полковнигі Рустам Абдрахманов ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында қызмет атқарғаннан кейін бұрынғы қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанадағы Ішкі істер министрлігі жедел-криминалистикалық департаментінің бұрынғы басшысы Рустам Абдрахманов Алматы облысының полиция департаментіне оралғанын мәлімдеді. Ол тергеу ісі жөніндегі департамент бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, 2022-2024 жылдары Абдрахманов осы қызметті атқарған. Кейін ішкі істер орталық аппаратына жұмысқа ауысқан.

2022 жылғы желтоқсанда Бас прокуратура Рустам Абдрахмановтың бір қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап бергенін растаған еді. Тергеуді өзге мемлекеттік орган жүргізген. Ол кезде қосымша деректер жарияланбады. Дегенмен, сол уақытта БАҚ пен Telegram-арналарда Абдрахмановтың үйінде Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс аясында тінту жүргізілген болуы мүмкін екені жазылды. Аталған істің аясында бірқатар даулы қамауға алулар болды. Соның ішінде рейдерлікке жәрдемдесті деген айыппен журналист Михаил Козачков ұсталған еді.

Рустам Абдрахманов ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алматы, Алматы облысы және Астанадағы полицияның басшылық құрамында жұмыс істеген. Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасын басқарды, Алматы мен Алматы облысы полиция департаменттерінің бастығының орынбасары болды. 2024 жылдан бастап ІІМ жедел-криминалистикалық департаментін басқарды.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Елдос Қоспаев пен оның сыбайластары Солтүстік Кипрден Қазақстанға экстрадицияланды. ҚМА деректеріне сәйкес, топ рейдерлік жолмен кәсіпорындарды тартып алумен айналысқан. Қоспаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан бөлек 2021 жылдың қазанында ол Mudaraban Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша компания басшысының ұсталғанын хабарлады. 2021 жылдың қыркүйегінде "Супермамасита" блогері (Алия Байтуғаева) ісінің тергелу барысын түсіндірген. Сол айда Алматыдағы Marilyn кафесінде даяшыны қорлаған ер адамдардың жеке басы анықталғанын да хабарлаған еді.


Мейірхан Шерниязов жаза мерзімі бірдей болса да Мейіржан Төребаевтың неліктен өзімен бірге бостандыққа шықпағанын түсіндірді


Президенттің көмекшісі мен кеңесшісі тағайындалды


Еске салайық, бұған дейін вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Түркісіб аудандық сотына мерзімінен бостандыққа шығару туралы шағым түсіргенін жаздық. Шерниязов пен Төребаев Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша 5 жылға сотталған еді. Олар бұл күнге дейін жазаның үштен бірін өтеген. Журналист Михаил Козачковтың дерегіне сәйкес осы себепті олар қалған мерзімін айыппұлға ауыстыруды сұрап отыр. Заңға сәйкес сот шағымды қабылдауы үшін жазасын өтеген орыннан сотталушыға оң мінездеме беріліп, спорттық және тәрбие шараларына қатысуы керек. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 18:02
Талқылау