Respublica партиясының лидерлері сайлауда дауыс берді
Respublica партиясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров бүгін "Астана Опера" театрында орналасқан №393 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ журналистердің сұрақтарына жауап беріп, азаматтардың саналы таңдау жасайтынына сенімді екенін баса айтты.
"Бүгін мен отбасымызбен таңертең дауыс беріп, өз таңдауымызды жасадық. Біз Қазақстан халқына сенеміз және халықтың азаматтық сана-сезімін көрсетіп, дұрыс таңдау жасайтынына, бұл сайлаудың шынайы әрі әділ өтетініне сенеміз!", - деді ол.
Партияның тең төрағасы Динара Шүкіжанова осы сайлау учаскесінде дауыс беріп, журналистердің бұл сайлаудан не күтетіні туралы сұрағына жауап берді:
"Мен Парламенттің жаңаруын күтемін. Біз барлық партиялардың биылғы жылы жаңа кандидаттарды таңдағанын, бастамашыл, жас, белсендірек екенін айттық. Сондықтан Парламенттің жаңаруы болады деп күтемін. Парламент жақсы тиімді команда болып жасақталып, өз жұмысын жақсы атқарса, жақсы болар еді"-деді ол.
Сонымен қатар, партия Парламент қандай болуы керек деген баспасөз сауалына жауап берді.
"Біріншіден, кәсіби, екіншіден, үлкен практикалық тәжірибесі бар, үшіншіден, аз бюрократиямен жұмыс істеу. Елдің мәселесін анық түсінетін азаматтар көп болуы керек".