Ресми: Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күні кубалық Эрисланди Ларамен рингке шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Top Rank компаниясы ресми түрде орта салмақтағы қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі туралы хабарлады.
Тартысты айқас АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында, Frost Bank Center аренасында өтеді. Бұл айқас WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерді біріктіретін маңызды жекпе-жек болмақ.
Жәнібек үшін бұл айқас PPV жүйесіндегі алғашқы дебюті болады. Егер ол жеңіске жетсе, үш чемпиондық атақты біріктірген тұңғыш қазақстандық боксшы атанады.
Кештің басты бәсекесінде мексикалық Айзек Крус пен америкалық Ламонт Роуч WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.
42 жастағы кубалық Эрисланди Лара кәсіби мансабында 37 жекпе-жек өткізіп, оның 31-де жеңіске жеткен, 3 рет жеңіліп және 3 мәрте тең түскен. Ал қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы 17 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған.
Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы кездесуінде француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, өз белбеуін сәтті қорғаған еді
"Баланың тірі не өлі екені белгісіз": АҚШ азаматы бұрынғы қазақстандық әйелін баласын "ұрлады" деп айыптап, сотқа берді

