Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" футзалшылары Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында жеңіске жетті

Фото:afckairat

Алматылық “Қайрат” футзал клубы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алғашқы ойында алматылықтар Хорватияның "Ново Вриеме" командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Макарска қаласында өткен тартысты матчта Рамазан Оразов қос гол соғып, дубль авторы атанды. Сонымен қатар ойынның басты қаһарманы атанды.

Тағы бір голды “Қайрат” сапынан Эдсон қарсыластың қақпасынан саңылау тауып есепті есепті ұлғайтты. Ал  "Ново Вриеме" тарапынан Хьюго Вах пен Леннон нәтижелі соққыларымен көзге түсті.

Бұл жеңіс қазақстандық команданың жаңа маусымдағы Чемпиондар лигасын сенімді түрде бастағанын көрсетті. Келесі ойын 30 қазан күні сағат 21:00-де өтеді. "Қайрат" Португалияның атақты "Спортинг" клубына қарсы алаңға шығады.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 30 Қазан, 2025 11:55
Талқылау