Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік журналист Өзбекстандағы қонақүйде уланып мерт болды

Ресейлік журналист Инесса Паперная мен күйеуі Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде көз жұмды. Ол белгісіз затқа уланып қалыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Инесса Папернаяның парақшасынан

Ресей Федерациясының азаматтары 45 жастағы Максим Радченко мен 43 жастағы Паперная Инесса Викторовна Мирабад ауданында орналасқан қонақүйде мерт болды. Сот-медициналық дәрігерлер өлім "белгісіз этиологияның улануынан” деген қорытындыға келді.

44 жастағы Өзбекстан азаматының мәйіті сол қонақүйдің басқа бөлмесінің ваннасынан табылды. Тергеу кезінде қонақүй жабылды. Өзбекстан Қылмыстық кодексінің "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Папернаяның Ташкентке демалысқа келген. Журналист серігімен "Караман палас" қонақүйінде түнепті. 20 қазан кешке Папернаяға тапсырыс келді, бірақ ол қонақүй қызметкерлерінің қоңырауларына да, есік қаққанына да үн қатпаған. 

Паперная мен Радченко 11 қазанда демалысқа кеткен. 20 қазанда ерлі-зайыпты Мәскеуге оралуы керек еді, сол күні бірақ байланысқа шықпады. Журналистің әкесі қонақүйге келген Ташкенттегі туыстарына хабарласқан. Содан кейін қызметкерлер Паперная мен Радченконың нөмірін ашты. Ер адамның айтуынша, олардың денесі ваннадан табылды.

Журналистің әкесінің айтуынша, қызы мен оның күйеуі мерт болған күні қонақүй қызметкерлері бассейнді тазалап жүрген. Алдын ала болжам бойынша, зардап шеккендер бассейнді тазалағаннан кейін желдету жүйесіне түскен газдан уланған деп жазады. Газ көтергіштен көтеріліп, Папернаяның бөлмесіне кірді.

Паперная мен Радченконың мәйіті екі күнде Мәскеуге жеткізілуі керек. Олар 23 қазанда жеткізілетінін алға тартады.

Инесса Паперная 47 жаста еді. Ол Lenta.ru, Profile және Известия басылымдарында жұмыс істеді. Кейінгі жылдары ол MMC Norilsk Nickel компаниясының қызметкері болған. Папернаяның артында 12 жасар ұлы қалды.

Талқылау