Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік ЖОО-лардың қазақстандық түлектеріне ел азаматтығын алу жеңілдетіледі

Ресейде ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың үздік оқыған түлектеріне ел азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатыр. Мұндай бастаманы ішкі істер министрлігіне тиесілі.

Ресейлік ЖОО-лардың шетелдік түлектеріне ел азаматтығын алу жеңілдетіледі

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресейдегі қазіргі заңға сәйкес, ресейлік ЖОО мен ғылыми ұйымдардың түлектері тұру ыхтиярхаты болған және РФ азаматтығын беру туралы өтініш бергенге дейін кемінде 3 жыл жұмыс істеген жағдайда, ел азаматтығын жеңілдетілген тәртіпте алуға құқылы.

Бұл ретте олар білім беру ұйымындағы оқуын тәмамдағаннан кейін, мемлекет аумағында уақытша мекендеуші мәртебесімен тұрады. Олар тұру ыхтиярхатын алғанға дейін уақытша тұруға рұқсат алуы тиіс.

Әзірленіп жатқан ережелерге сәйкес, үздік оқыған түлектерге тұрғылықты жері бойынша тіркеуде тұрған немесе Ресейде мекендеу орны бойынша есепте болған жағдайда РФ азаматының төлқұжатын алуға рұқсат беріледі. 

Осылайша, оларға Ресей азаматтығын алу үшін уақытша мекендеуге рұқсат немесе тұру ыхтиярхатының керегі болмайды. Бұл қызыл диплом иегерлеріне ел азаматтығын алу мерзімін бір жылға қысқартуға мүмкіндік береді.

Аталған шара ресейлік ғылым мен экономиканың біліктілігі жоғары мамандарға деген сұранысынан туындаған.

Талқылау