Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік саяхатшы қазақстандық жол сақшысының сорақы қылығын жайып салды

Ресейлік саяхатшы Евгений Золотухин өзінің LiveJournal-дағы блогында басынан өткен оқиғамен бөлісті.

lada.kz_

Блогында ол Қазақстанға келген кезде мұндай бассыздықты күтпегенін айтыпты. Далалық жерде қауіпсіздік белдігін тағып, орташа жылдамдықпен келе жатқанына қарамастан, оларды полиция тоқтатқан.

Құжаттарын сұрап, сосын өзімен бірге қызметтік көлікке баруды сұрайды. Содан соң жүргізушіге массың деп, тексеруден өту қажеттігін айтқан. Бірақ, камераны байқағаннан кейін тәртіп сақшысы бірден өзгеріп сала береді. “Пресса” деген куәлікті көрген соң жол сақшысының сөз ауаны өзгеріпті.

“Біз қонақтарға жақсы қараймыз. Жүргізушіні жібергелі жатқан едік. Кәне, суретті өшіресің, әрі қарай кете бер сосын”, – деп айтады полицей.

“Егер сіз Қазақстанға көлікпен барсаңыз, осындай оқиғаға міндетті түрде тап боласыз. Бұл кездейсоқтық емес, онда солай ақша табады. Жергілікті жол сақшылары жақсы табыс тауып қалу үшін, шетелдік көліктерді күтеді. Түк таппағанның өзінде, бір кемшілік табады. Сол үшін мұқият болыңыздар”, – дейді Евгений.

Талқылау