Ресейлік "Газпром" Украина арқылы газ тасымалдауды тоқтатты
"Газпром" енді Ресей газын Украина арқылы Еуропаға жеткізе алмайды. Транзиттік келісім-шарт 2025 жылдың 1 қаңтарында таңғы сағат 8:00-де аяқталды. Жеткізудің техникалық және құқықтық мүмкіндігі жойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ZUMAPRESS.com / Global Look Press
Компания Украинаның "Нафтогаз" компаниясымен 2019 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылған келісімнің енді жарамсыз екенін хабарлады. Бұл келісім-шарт ресейлік газды тасымалдауға және екі елдің газ тасымалдау жүйесі операторларының өзара іс-қимылына қатысты.
"Украина тарапының осы келісімдерді ұзартудан бірнеше рет және анық түрде бас тартуына байланысты "Газпром" 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Украина аумағы арқылы транзиттік газды жеткізудің техникалық және құқықтық мүмкіндігінен айырылды", – делінген хабарламада.
Газпром бүгін Мәскеу уақытымен сағат 8:00-де Ресей газының Украина арқылы транзитінің тоқтатылғанын хабарлады.
Австрия мен Словакия газ алатын бұл жолдың тоқтатылуымен Ресей газын алудың жалғыз мүмкіндігі Түркия арқылы өтетін құбыр жүйесі болады.
Ресейлік газ жеткізу көлемі 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінен кейін күрт төмендеді.
Осы жағдайда Ресей Федерациясы Қытайға газ экспортын арттырып жатыр. Оның ішінде Қазақстан арқылы Қытайға газ құбырын салу мүмкіндігін қарастыру.