Ресейден арақты ең көп сатып алатын елдер тізімінде Қазақстан көш бастады

Қазақстан әлемде ресейлік арақты сатып алатын ең ірі тұтынушылардың бірі. “Агроэкспорт” дерегінше, 2025 жылы Ресейден Қазақстанға 25 миллион долларға арақ экспортталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2025 жылы Ресейден Қазақстанға сатылған арақ көлемі 2024 жылмен салыстырғанда ақшалай есептегенде 3 миллион долларға артқан.
Осылайша, Қазақстан ресейлік арақты ең көп сатып алатын ел болып қала береді. 2025 жылы елге 18 мың тонна арақ жеткізілсе, ал 2024 жылы 20 мың тонна алкоголь экспортталған. Бұл басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мысалы, Ресейден Грузия 4 мың тонна, Қырғызстан 2,6 мың тонна, Әзірбайжан 2,5 мың тонна арақ сатып алған.
Ақшалай есептегенде, Қазақстанға экспортталған тауардың құны 25 миллион доллар болған.
- Екінші орында – Грузия (6,5 миллион доллар);
- Үшінші – Әзірбайжан (6 миллион доллар);
- Төртінші – Армения (5,5 миллион доллар);
- Бесінші – Израиль (4 миллион доллар).
Жалпы 2025 жылы Ресейден әлем елдеріне экспортталған арақтың құны – 70 миллион доллар, көлемі 42 мың тонна болған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан