Ресейге қосылуға шақырған СҚО тұрғыны сотталды
Әлеуметтік желі арқылы ұлтаралық араздықты қоздырып, Ресейге қосылуға шақырған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото: rus.azattyq.org
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
ҚР ҚК 180 бабына ( Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға үгіттеу) сәйкес Игорь Чуприннге қарсы қозғалған қылмыстық істі Петропавл қалалық соты қарады. Сондай-ақ, іске ҚР ҚК 174 бабы 1 бөлімі де (ұлтаралық араздықты ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы қоздыру) қосылды.
2014 жылы қыркүйек айында Игорь Чуприн ВКонтакте желісіндегі парақшасында желі пайдаланушысымен хат алмасқан. Ол 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2015 жылдың 20 мамыры аралығында түрлі қазақ ұлтына қарсылық мәндегі жазбалар мен пікірлер қалдырып отырған.
“Оның жазбалары желі пайдаланушыларының ашуын туғызып, оның конституцияға қарсы үгіт-насихат жүргізіп отырғаны айқын аңғарылады. Оның жазбаларынан Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу туралы насихат та бар”, – делінген хабарламада.
Петропавл қалалық соты Игорь Чупринді кінәлі деп тауып, оны 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.
Оқи отырыңыз:
Алматылықтар базарды алып кеткен алапат сел тасқынын таспаға басып алған (видео)
Ұзынағаштағы қанды қырғын: қаза тапқандардың туыстары мүшкіл тұрмыстары туралы айтып берді
Шымкентте ер адам сүйіктісіне ұнау үшін полицей формасын киіп алған
Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды