Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейге қатысты санкциялардың "салқыны" Қазақстанға тимейді – Сыртқы істер министрі

Ресейге қатысты салынған санкциялардың Қазақстанға әсері болмайды. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Сыртқы істер министрі: Қытайдағы қайта оқыту орталықтарында этникалық қазақтар жоқ

"Қазақстан жанама санкцияларға ілікпейді. Ресейге қарсы санкциялардың ел экономикасын теріс әсерін болдырмау, соның ішінде жанама санкцияларға жол бермеу бойынша үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Ол сәтті жұмыс істеп жатыр, еуропалық комиссиямен және АҚШ әкімшілігімен тұрақты консультациялар жүргізіліп тұрады", - деді Тілеуберді астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің кулуарында.

Сондай-ақ министр Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға келетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ТМД мемлекет басшыларының кеңесін өткізу жоспарланған.

"Ресей президенті қатысады деген жоспар бар. Қазан айының ортасында келуі керек. Ресми түрде растағанын күтіп отырмыз. Сондай-ақ мемлекет басшылары екіжақты кездесу өткізеді", - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін 12-14 қазан аралығында Ресей президенті Владимир Путин Азиядағы сенім және ынтымақтастық шаралары кеңесі мен ТМД саммитіне қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келетіні хабарлаған едік. 

Талқылау