Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын талқыладық": Франция президенті қазақша жазба жариялады

Тоқаев пен Макрон

Фото: Ақорда

23 тамызда француз бастамасымен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті Эммануэль Макрон телефон арқылы сөйлесті. Кейін Эммануэль Макрон желідегі Х парақшасында қазақ тілінде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Макрон онда Қасым-Жомарт Тоқаевпен әңгімесінің барысы туралы айтты.

"Мен жаңа ғана Қазақстан Президенті @TokayevKZ мырзамен әңгімелестім. Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық. Сондай-ақ біз халықаралық жағдайды да қарастырдық: Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді", – делінген Макронның жазбасында.


АҚШ президенті Путин мен Зеленскийдің келіссөзіне қатысудан бас тартты


"Қырымнан бас тартып, соғысты тоқтата алады": Зеленский Трамппен келіссөз жүргізу үшін Вашингтонға барды


Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Тоқаев Қазақстанның Украина халқы мен мәдениетіне құрметпен қарайтынын атап өтіп, қақтығысты халықаралық құқық қағидаттары негізінде бейбіт жолмен шешудің маңызын айтты. Ол Украина мемлекеттілігін сақтау ең басты міндет екенін жеткізді. Сонымен бірге Қазақстан Украинамен өзара мүдделі салаларда ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

STAN.KZ
Жексенбі, 24 Тамыз, 2025 08:15
Талқылау