Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің стратегиялық бомбалаушы әуе кемесінің ұшуына байланысты НАТО әскери ұшақтарын әуеге көтерді

Фото: freepik.com

Ресейдің Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы ұшақтары Баренц пен Норвегия теңіздерінің бейтарап сулары үстімен ұшып өтті. Осыған байланысты жағдайды бақылау және әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында НАТО әскери ұшақтарын дабыл бойынша әуеге көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылымның жазуынша, НАТО ұшақтарды тек бақылау мақсатында әуеге көтерген. Себебі альянс Ресейдің бұл ұшуын Батыс елдеріне саяси немесе әскери қысым көрсетуге бағытталған белгі ретінде қабылдаған. Сонымен қатар, ядролық бомбалаушы ұшақтар Ұлыбританияның солтүстігіне қауіп төндіріп жатыр деген қауесет тараған. 

Ұшу барысында стратегиялық бомбалаушы ұшақтарға Су-33 жойғыштары ілесіп, оларды әуеден қорғап отырған.

25 желтоқсан күні Ресей Қорғаныс министрлігі Ту-95МС стратегиялық бомбалаушы ұшақтары Баренц және Норвегия теңіздерінің бейтарап сулары үстімен ұшқанын хабарлады. Министрлік мәліметінше, бұл ұшу алдын ала жоспарланған. Шамамен жеті сағатқа созылып, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асқан. Сондай-ақ алыс қашықтықтағы авиация экипаждары Арктика, Солтүстік Атлант, Тынық мұхиты, Балтық және Қара теңіздердің бейтарап сулары үстінде тұрақты түрде ұшулар орындайтыны айтылды. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 09:44