Арақ бөтелкесінің сынықтары Ресей жағажайына ерекше көрік сыйлады (фото)
Ресейдің қоқыс пен көптеген әйнек бөтелке шашылып жататын жағажайы тамаша демалыс орнына айналды. Қатты толқын әйнек бөтелкелерді мүжіп, олардан әдемі “бұйымдар” жасаған.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Владивосток маңындағы жағажай бір кездері қоқыс тастайтын орын болған. Уақыт өте келе толқын әйнек бөтелкелерден тамаша “бұйымдар” жасаған. Енді бұл жерге туристер ағылып келіп жатыр.
Бір қарағанда жағажайдың маңында көптеген шырақ жанып тұрғандай көрінеді. Алайда бұл бар болғаны күнге шағылысқан әйнектің сынықтары.
Бұрын-соңды адамдар бұл жерде аяқ алып жүре алмайтын болған. Ал соңғы 10 жыл ішінде жағдай толықтай өзгерді десек те болады. Жергілікті тұрғындар бұл жерді “Әйнек жағажай” деп атап кеткен екен.
Ресейдің билік өкілдері бұл жағажайдың қорғалатынын мәлімдеді. Сол жердің халқына жағажай маңына қоқыс тастауға тыйым салды.
Түрлі-түсті әйнектер жазда құмның үстінде жатса, қыста аппақ қардың үстінде жарқырайды.
Жіберіп алмаңыз:
Тозығы жеткен дәстүр: Хамар тайпасының қорқынышты әшекейлері (фото)
Жүктіліктің 23-аптасында туған егіздер таңғажайыптың күшімен аман қалды (фото)
19 млн жігітпен төсектес болуға уәде еткен модель 400 азаматтан кейін шаршап қалған (фото)
Терісі ақ болып туған балалары қара нәсілді аналарын жатсынып жүр (фото)