Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екатеринбургте аурухана өртеніп, адамдар терезеден секірді (видео)

18 қарашада Ресейдің Екатеринбург қаласындағы ауруханалардың бірінде өрт шықты. От пен тұншықтырғыш түтіннен құтылмақ болған кейбір науқастар терезеден секірген. Оқиға орнынан түсірілген қорқынышты кадрлар әлеуметтік желіде таралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

66ru-Telegram-арнасының мәліметінше, өрт ғимараттың шатырынан басталып, 300 шаршы метр аумаққа таралған.

Көптеген науқас ғимараттың есіктері арқылы эвакуацияланған. Ал басқалары терезеден секіруге мәжбүр болған. 45 жастағы ер адам үшінші қабаттың терезесінен шығып құтылған.

Қазір өрт жүрек аурулары бар адамдар жатқан реанимация бөліміне жеткені айтылды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Осы уақытқа дейін 350 пациент эвакуацияланған. Ресейдегі төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылар №3 Орталық қалалық аурухананың емханасындағы ашық өртті сөндірген. Бір адам құтқарылған.

 



Еске салайық, бұған дейін 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі кезінде терезеден секіргендердің бірінің жағдайы ауырлап кеткенін жаздық. Тұрғын үйлердің екінші және үшінші қабаттарынан секірген үш адам зардап шекті. Тексерістен кейін зардап шеккен екі адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, ауруханаға жатқызылды. Бес адам үйден қашып бара жатып жарақат алған. Барлық қажет медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Талқылау