Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінісі кезінде терезеден секіргендердің бірінің жағдайы ауыр

Алматыда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің саны 44-ке жетті. Біреуінің халі мүшкіл. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тұрғын үйлердің екінші және үшінші қабаттарынан секірген үш адам зардап шекті.

Тексерістен кейін зардап шеккен екі адам амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, ауруханаға жатқызылды. Бес адам үйден қашып бара жатып жарақат алған. Барлық қажет медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Алматыда қуатты жер сілкінісі сезілгені айтылды. ТЖД тағы да жер асты дүмпуінің болу ықтималдылығы төмен екенін айтты.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, негізінен ұйғырлар қоныстанған Ушу провинциясында болды. Эпицентрдегі тербеліс магнитудасы – 7,0 балл. Құтқарушылар зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы тіркелмегенін айтты.

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 44-ке жетті.

Еске сала кетсек, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 

Талқылау