AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ресейден төнген қауіп": Пентагон Еуропаға 3 000 сарбаз жіберетінін мәлімдеді

Пентагон НАТО қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Орталық және Шығыс Еуропаға 3 000-ға жуық сарбаз жібермек. Бұған Ресейдің Украинаға басып кіру қатері себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Голос Америки басылымына сілтеме жасап. 

пентагон

Пентагонның ресми өкілдерінің сөзінше, АҚШ президенті Джо Байден Солтүстік Каролинадағы Форт-Брэгг әскери базасындағы 1 500 сарбазды Польшаға жіберу туралы бұйрық берген. Бұған қосымша Германияда әскери борышын өтеп жатқан 300 сарбаз бен офицер қосылмақ және жеке құрамдағы 1 000 адамды Германиядан Румынияға жібермек. 

Ақ үйде бұл әрекеттің АҚШ-тың еуропалық одақтастарын кез келген уақытта қорғай алатынын Кремльге дәлелдейтінін мәлімдеді. 

"Әңгіме қорғаныс шараларында. Біз бұл шаралар туралы соңғы бірнеше аптада айтып келеміз. Қазір Ресей әскері Украинамен шекарада жиналып жатыр. Сондықтан біз үшін украиналық одақтастарымызға қорғаныс тұрғысынан көмек көрсету оң шешім болмақ", - деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс. 

АҚШ қорғаныс министрлігі америкалық сарбаздар одақтас Еуропа елдері аумағында уақытша болатынын хабарлады. 

АҚШ және оның одақтастары Ресейдің Украина тарапына жасалған кез келген агрессивті әрекеті шығыстағы НАТО әскерінің көбейе түсуіне әкеп соғатынын айтқан. Бұған дейін Ақ үй Еуропа жіберу үшін 8,5 сарбаздың дайын тұрғанын мәлімдеген. 

Әзірге Украинаға әскер жіберу жоспарланбаған. Пентагонда АҚШ әскерінің Украина аумағында соғыспайтынын да қосып өтті. 

Ал Ресейдің сыртқы істер министрілігі батыстың "Ресей агрессиясына" қатысты пікір білдіріп, мұның әрі күлкілі, әрі қорқынышты екенін айтқан. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мемлекет әскерін шекара аумағында өз қалауынша орналастыра алатынын айтқан. Бұл қобалжу үшін себеп бола алмайды және ешкімге қауіп төндірмейді дейді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр