Ресейден көшіп келген Софья Самоделкина Жапониядағы Гран-при турнирінде сенсация жасады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Софья Самоделкина Жапонияның Осака қаласында өткен ISU Гран-при турнирінде жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол айтулы турнирдің төртінші кезеңінде сенсация жасап, екінші орынға көтерілді.
Қысқа бағдарламада Самоделкина 67,75 ұпай жинап, үш дүркін әлем чемпионы әрі жарыс көшбасшысы Каори Сакамотодан кейінгі екінші орынға тұрақтады.
Бұл — Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Мамандардың айтуынша, Самоделкинаның техникасы мен көркемдік орындауы әлемдік деңгейде ерекше көзге түсті. Оның бағдарламасындағы күрделі секіру элементтері мен музыкалық үйлесімі көрермендердің зор ықыласына бөленді.
Софья енді еркін бағдарламада өнер көрсетіп, жүлделі орын үшін күресті жалғастырады. Егер ол осы қарқынмен өнерін жалғастырса, Қазақстан тарихында алғаш рет ISU Гран-при кезеңінде жүлде алған әйел спортшы атануы мүмкін.
Айта кетейік, Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Ресейдің күміс жүлде иегері. Сонымен қатар әлемдік Гран-при туринде күміс жүлде еншілеген. Самоделкина 2024 жылдың мамыр айында Қазақстан азаматтығын алған.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?

