Ресейден келген 7 мың адам Қазақстанда жұмыс істеуге өтініш берген
Ресейден келген 7 мың адам Қазақстанда жұмыс істеуге өтініш берген Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: kstnews.kz
“Ресейден келгендерге жекелей жағдай жасалмайды. Ол белгілі жағдай. Қазіргі кезде Ресейден келіп, Қазақстанда жүрген 353 мың адам бар. Оның 7 мыңы ғана Қазақстанда жұмыс істеуге келген. Сондықтан ресейліктердің келуі еңбек нарығына әсер етпейді. Атап айтқанда, ресейліктердің жұмысқа тұруына жағдай жасалмайды", - деді Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ресейден Қазақстанға қарай өте алмай тұрған еліміздің азаматтары үшін "жасыл дәліз" ашылатынын айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанға келген ресейліктер азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірмейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”