Басты жаңалықтар
Ресейдегі әскери қоймада жойқын жарылыс болды
Видеодан скрин
Ресейдің Владимир облысындағы әскери қоймада жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейдің қорғаныс министрлігі жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, жарылысқа "қауіпсіздік талаптарының бұзылуы" себеп болғанын хабарлады.
Ресейлік ТАСС басылымының мәліметіне сүйенсек, қазір жарылыс болған әскери қойма орналасқан Киржач ауданынының тұрғындары эвакуацияланған. Өңірде төтенше жағдай жарияланды.
Жергілікті "Зебра ТВ" арнасы жергілікті тұрғындарға сілтеме жасап, жарылыстардың басты зымыран-артиллериялық басқарманың қоймасында болып жатқанын хабарлады.
Baza Telegram арнасының мәліметіне сүйенсек, әскери бөлім аумағында кемінде 10-11 жарылыс болған.
Ресейдің қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, әскери бөлім аумағында оқ-дәрілердің жарылуынан ешкім зардап шекпеген.
Талқылау

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
Жетісу облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде еткен": Қазақстандық азамат ИП-сын жалға беріп, енді түрмеге түсуден қорқып жүр
Жеке кәсібін қолдануға алған алаяқтар оған өтемақы ретінде күн сайын 20 000 теңге беруге уәде берген