Ресейде жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасап, бір оқушы қаза тапты

Ресейдің Мәскеу облысында жасөспірім мектепке пышақпен шабуыл жасап, бір оқушы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
17 желтоқсан күні Мәскеу маңындағы Горки-2 елді мекенінде жасөспірім мектепке шабуыл жасаған. Ол ғимарат ішінде бұрыш газын шашып, кейін күзетші мен төртінші сынып оқушысына пышақпен соққы жасаған. 10 жастағы бала алған жарақаттарынан көз жұмды, баланың Тәжікстан азаматы екені белгілі болды.
“Бүгін сағат 09:00-де полицияға мектеп оқушысының күзетшіні пышақпен жарақаттап, газ баллонын қолданғаны, кейін он жасар оқушыға пышақ жарақатын салғаны туралы хабар түсті. Алған жарақатынан бала көз жұмды”, – делінген полиция хабарламасында.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жасаған жасөспірім сол мектептің 15 жастағы оқушысы. Күдікті ұсталды. Ресейдің тергеу комитеті "кісі өлтіру" және "кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан баланың Кобилджон Алиев есімді Тәжікстан азаматы болғанын мәлімдеді. Мәлімдемеде шабуылдың ұлттық өшпенділік негізінде жасалғаны көрсетілген.
Тәжікстан азаматына жасалған шабуылға байланысты республиканың сыртқы істер министрлігіне Ресейдің Тәжікстандағы елшісі шақырылып, оған қылмысты жедел әрі бейтарап тергеп-тексеруді және кінәлілерді заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуды талап еткен нота тапсырылды.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады