AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде ұшақ құлады: Қайтыс болғандар бар

Ресейде Л-410 ұшағы Кемерово облысына дұрыс қонбаған, көз жұмғандар бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметі өкілінің айтуынша, бұл Промышленный ауданындағы Журавлево ауылының маңында болған. Бастапқыда бортта 20 адам болғандығы туралы хабарланды: 18 адам жарақат алды, екі ұшқыш қайтыс болды.

Кейінірек Төтенше жағдайлар қызметі қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санын анықтап, дұрыс қонбау салдарынан 15 адам зардап шегіп, төртеуі қайтыс болғанын хабарлады.

“Кузбассқа шұғыл қонған ұшақта қозғалтқыштардың бірі істен шықты, қону кезінде ол орман алқабымен соқтығысқан”, – дейді Батыс Сібір көлік прокуратурасының өкілі.

"10.17-де ұшақ экипажы қозғалтқыштардың бірінің істен шыққанын хабарлады және қонбақ болған кезінде орман алқабына тап болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, төрт адам қайтыс болды, төртеуі ауыр халде", – деді ақпарат көзі.

Ол алдын ала мәліметтер бойынша ұшақта 15 парашютші және экипаждың екі мүшесі болғанын айтты.
“Кемерово облысында ұшақ апатынан зардап шеккен төрт адамның жағдайы ауыр, тағы 11-нің жағдайы орташа”, – деп хабарлады облыс губернаторы Сергей Цивилев.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр