Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде Telegram мен WhatsApp арқылы қоңырау шалуға тыйым салынды

Ресейде Telegram мен WhatsApp арқылы қоңырау шалуға тыйым салындыФото: istockphoto.com

Роскомнадзор Ресей аумағында Telegram мен WhatsApp мессенджерлеріндегі қоңырауларға шектеу қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұндай шешім құқық қорғау органдарының материалдарына сәйкес қылмыстардың алдын алу мақсатында қабылданған.

"Telegram мен WhatsApp шетелдік мессенджерлері ресейлік азаматтарды алдап-арбау, ақша бопсалау, сондай-ақ оларды диверсиялық және террористік әрекеттерге тарту үшін қолданылатын негізгі дауыстық сервистерге айналды. Мессенджер иелеріне қарсы шаралар қабылдау туралы бірнеше рет жолданған талаптар ескерусіз қалды", – делінген хабарламада.

Мессенджерлердің басқа қызметтеріне ешқандай шектеу қойылған жоқ.  

Ресейлік желі қолданушылары Telegram мен WhatsApp арқылы қоңырау шалудағы қиындықтардың шамамен 9 тамыздан бастап байқалғанын атап өтті.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 21:42
Талқылау
`