Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде "Сети" ісімен қамалған Виктор Филинков бостандыққа шығып, Қазақстанға депортацияланды

"Сети" ісінің қатысушысы Виктор Филинков бостандыққа шығып, оны Қазақстанға депортация жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: "Медиазона" Telegram арнасынан

30 жастағы Виктор Филинков Орынбор облысындағы ИК1 колониясынан босатылды. Ол Ресей террористік ұйым деп таныған "Сети" ісі бойынша жеті жыл жазаны өтеп шықты. Бұл азаптау туралы ең резонансты істердің бірі болды.

Босатылғаннан кейін Филинковты Қазақстан азаматы ретінде шекараға әкеліп, жергілікті шекарашыларға берді.

"Витяға Ресейге заңсыз оралмауын ескертті. Олар оған кассадағы шоттан ақша берді, қолын кісендеп, полиция көлігіне отырғызды", — деді Филинковпен кездескен қыздардың бірі.

Оның жанында әйелі әрі қоғамдық құқық қорғаушы Евгения Кулакова болды. Олар Филинковтың колонияда болған кезінде үйленген. Енді бостандықта алғаш рет көрісті.



ФСБ мәліметтері бойынша, "Сети" Ресейдегі конституциялық жүйені құлату үшін құрылған. Бұл іс бойынша барлығы 10 адам сотталды. Атап айтқанда оның ішінде: "солшыл" белсенділер, анархистер және антифашистер болды. Филинков, іс бойынша өзге де сотталғандар сияқты, бұл ұйымның бар екенін жоққа шығарды.Тергеу барысында азаптау фактілері туралы бірінші болып айтты.

Талқылау