Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады: ҚР СІМ түсініктеме берді

ҚР СІМ Ресейде полицейлер қазақстандық қызды зорлады деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

СІМ

«Қазан қаласындағы ҚР-ның бас консулдығы Ресей ІІМ-нің Свердлов облысы бойынша бас басқармасына осы қылмыс жайында ақпарат беруді сұрап, хат жолдады. Зардап шегушілердің өзі консулдықтың көмегіне жүгінбеген. Сондықтан олардың Қазақстан Республикасының азаматы екенін растау немесе жоққа шығару мүмкін болмай отыр, - деді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазақстандық қыздың зорланғандығы туралы ақпарат, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Деректерге сүйенсек, қылмыс 18 тамызға қараған түні, автотұрақтардың қалтарысындағы қараусыз жерде болған. Саунадан кешкі уақытта шыққан қызды полиция тоқтатқан. Неліктен тоқтатқаны да белгісіз. Интернет басылымдардың болжауынша, қыз тән саудасымен айналысқан. Қазақстанның тумасы болып табылатын ол қызда Ресей азаматтығы жоқ екен.

Ал кейбір БАҚ-тың жазуынша, полицейлер қызды көлікке отырғызғаннан кейін зорлаған. 

Әріптестерін Ресей ІІМ-нің Свердлов облысы бойынша бас басқармасының ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері ұстаған. Тергеушілер күдіктілерді қамауға алу туралы Екатеринбургтің Ленин аудандық сотына шағым жолдаған.

Талқылау