Ресейде мобилизация аясында 200 мыңнан аса адамды әскерге алып кеткен
Ресейде жартылай мобилизация аясында 200 мыңнан аса азамат запастан қарулы күштердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: ТАСС басылымынан
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың сөзінше, мобилизацияланған азаматтар әскери тактикалық жаттығудан кейін соғыс аймақтарына жіберіледі.
"Жартылай мобилизайция аясында 200 мыңнан аса адам Ресей Федерациясы қарулы күштеріне келді. Оларды әскери тактикалық дайындықтан кейін бұған дейін жасақталған топтармен бірге арнайы операция өтетін аймақтарға жіберіледі", – деді ол.
Айта кетейік, 21 қыркүйекте Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойған еді. Оның сөзінше, бұл Ресейдің егемендігі мен біртұтастығын сақтау үшін жасалған. Сонымен қатар әскери қызметке барлық азаматтар емес, запастағы әскерилер шақырылады.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты