Ресейде қазақстандық ер адам банкомат жүйесін бұзып, миллион рубльден аса ақша ұрлап кеткен
33 жастағы қазақстандық ер адам түнгі уақытта ноутбуктегі бағдарламаның көмегімен банкомат жүйесін бұзып, миллион рубльден (5 миллион теңгеден аса) астам ақша ұрлап кеткен.
Бұл туралы Астрахань 24 телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Портал ақпаратынша, Қазақстан тұрғыны өзінің сыбайласымен бірге әрекет еткен. Тергеушілердің болжамынша, ер адам банкоматқа өз ноутбугын қосу үшін, құрылғының сыртын бұзған.
Ноутбукте сыбайлас адамға сигнал бере алатын бағдарлама болған. Өз кезегінде ер адамның сыбайласы банкоматты бұғаттап, ондағы ақшаны ұрлаған.
Алайда дабыл жүйесі іске қосылып, оқиға орнына полицейлер жеткендіктен, ер адам банкоматта қалғаны тағы 1 миллион рубльді алып кете алмаған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сот қаралымына жіберілді.
Оқи отырыңыз:
Элиталы бала бақшаның тәрбиешісі ұйықтамай қойған бүлдіршінді кілтпен және тәпішкемен ұрған
Спортшы 1 минут ішінде 51 қарбызды басымен жарып, жаңа рекорд орнатты (видео)
«Тақтар ойынының» жұлдызы әлемдегі ең мықты адам ретінде мойындалды (фото)
Клипсіз танылған Саят Медеуовтің жаңа бейнебаяны көпшілікті тәнті етті (видео)