Ресейде қазақстандықтарды уақытша тіркеуден босатты
Ресейде қазақстандықтар қыркүйек айының ортасына дейін тіркеуден босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігіне сілтеме беріп.
"Президент Владимир Путин "Жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) одан әрі таралу қауіпіне байланысты Ресей Федерациясындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайын реттеу жөніндегі уақытша шаралар туралы" өзінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №274 жарлығына өзгерістер енгізді.
Жарлыққа сәйкес, 2020 жылдың 15 наурызы мен 15 қыркүйегі аралығында тіркеу немесе Ресейде уақытша болуға рұқсат мерзімі аяқталатын Қазақстан азаматтары міндетті түрде есепке қойылмай, елде еркін жүре алады. Осы уақытта оларға қатысты айыппұл санкциялары мен депортация алынып тасталды", - делінген хабарламада.
Алайда, 15 қыркүйектен кейін Ресейде қалғысы келетін Қазақстан азаматтары елде тұруды заңдастыру бойынша қажетті рәсімдерден өтуі тиіс.
Талқылау

Азық-түлік, газ, темекі қымбаттайды, әскерилер үйді жекешелендіріп ала алады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді
1 шілдеден кейін жұмысқа кіретін күштік құрылымдарындағы қызметкерлерге үй мәселесі бойынша жаңа тәртіп енгізілмек

Шерзат ісі бойынша үкім, Израиль-Иран қақтығысы, Үндістандағы ұшақ апаты: Маусым айы несімен есте қалды
Сонымен қатар министрліктердің басшылары ауысқан