Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде балалары орыс тілінен тест тапсыра алмаған мигранттарды жазалау қарастырылып жатыр

Ресей Федерациясының Білім министрлігі балалары орыс тілінен тест тапсырмаған және мектептерде оқымаған мигранттар үшін жауапкершілік шараларын енгізуді ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Тиісті заң жобасы нормативтік актілер порталында жарияланды.

Құжаттың жобасына сәйкес, егер мигранттың баласы орыс тілінен тест тапсырмаса және қосымша курстардан өтпесе, бұл туралы ақпарат қорғаншылық органдарына жіберіледі.

Тұру жағдайлары тексерілгеннен кейін тиісті органдар ІІМ мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияны хабардар етеді. Кейін ата-аналары әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

Сонымен қатар, егер тестілеуден өткен баланың оқу процесінде білім беру бағдарламаларын игеру үшін орыс тілін жетік білмеуі анықталса, ол қайта тестілеуден өтуге міндеттеледі.



Бұған дейін Ресейдің Білім министрлігі елде мигранттар мен азаматтығы жоқ адамдардың балаларына орыс тілін білу деңгейіне міндетті тестілеу енгізілетінін растады.

Емтихан мемлекеттік және муниципалды оқу орындарында өтеді. Тестілеу 1 сәуірден бастап міндетті болады.

Талқылау