Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде 77 жастағы ер адам оқушы қыздарды өзімен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген

Красноярск аумағындағы Партизан ауылында елді елең еткізген оқиға болды. Онда төрт ер адам кәмелетке толмаған қыздарды ақшаға сатып алған.

o_full-224-600x333-1480161774[1]

Бұл туралы “Комсомольская правда” хабарлайды.

“Алдын ала тергеу дерегі бойынша, өткен жылдың күзінде төрт ер адам – 77 жастағы ер кісі және тағы үш адам (38-40 шамасындағы), оқушы қыздарды ақшаға сатып алған”, – деп жазады дерек көзі.

Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 13 және 15 жастағы екі қызды олар өздерімен интимді байланысқа түсуге мәжбүрлеген. Оқиғаны тістерінен шығармауы үшін әрқайсына 100 рубльден беруге уәделесіпті. Оқушылар бұл ұсынысқа келіскен.

Қазір күдіктілер ұсталып, керекті сараптамалар легі тағайындалды. Төрт ер адам да өз кінәларын мойындаған. “Екі қызға азғындық әрекет жасағандары” үшін 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Ал қыздар психологиялық көмек алу үшін сауықтыру орталығына жіберілген.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстандық имам ер адамдардың гинеколог болып жұмыс атқаруына қарсы шықты

Желі қолданушылары қаңғыбас пен оның иті үшін бір күннің ішінде 12 500 АҚШ долларын жинап берді

Ата-анасы сәбиін өлтірген қылмыскерді кешіріп қана қоймай оны қажылыққа аттандырған

Мәскеу тұрғыны Құранды 45 миллион долларға сатудан бас тартты

Талқылау