18-қабаттан құлаған ер адам 10 жастағы қыздың үстіне түсті
Санкт-Петербургте ер адам тұрғын үйдің 18-қабатынан құлап, 10 жастағы қыздың үстіне түскен. Оқиға 1 ақпанда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Приморск ауданындағы Комендантский даңғылында орын алған. Ер адам анасымен бірге мектепке бара жатқан қыздың үстіне түскен. Ер адам оқиға орнында көз жұмды, ал қыздың аяғы сынып, ауруханаға жеткізілген.
Басылымның дерегінше, марқұм анасы және әйелімен бірге тұрған. Оқиға алдында ол жұмыс берушімен сөйлесу үшін балконға шыққан. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адам психиатрдың қабылдауына жазылған.
- "Miss USA" жеңімпазының денесі Нью-Йорктегі көпқабатты үйдің маңынан табылды
- Үш жасөспірім өгей әкелерін қарындасына тиіскені үшін өлтірген: 200 мың адам оларды босатуды сұрап, петиция жариялады
Приморск ауданының полицейлері бұл дерек бойынша тергеу бастаған. Әзірге оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Мәскеуде 22-қабаттан құлаған жасөспірімнің тірі қалғаны туралы хабарлаған едік. Оқиға 29 қаңтарда болған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн