Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ресей тарабы Жеңістің 80 жылдығына орай бітім жариялады

Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығына орай уақытша бітім  жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей тарабы президент Владимир Путиннің шешімімен 7 мамырдан 8 мамырға қараған түні түнгі он екіден 10 мамырдан 11 мамырға қараған түні түнгі он екіге дейін бітім жариялады.

“Осы кезеңде барлық әскери операция тоқтатылады. Ресей Украина тарабы да осыны ұстануға тиіс деп санайды", – делінген хабарламада.

Бұған қоса "Украина тарабы бітімді бұзған жағдайда Ресей қарулы күштері тиімді жауап беретіні” ескертілген.

“Ресей тарабы Украина дағдарысының түпкі себептерін жоюға және халықаралық серіктестермен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға бағытталған алдын-ала шарттарсыз бейбіт келіссөздерге дайын екенін тағы да мәлімдейді”, – делінген құжат мәтінінде.

Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесі қарсаңында да 19 сәуір сағат 18:00-ден 21 сәуір сағат 00:00-ге дейін уақытша бітім жариялаған еді.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 18:02
Талқылау