AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей соты КТК жұмысын тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

Ресей соты Каспий құбыр консорциумының (КТК) жұмысын тоқтату туралы шешімінің күшін жойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде консорциумның баспасөз қызметі мәлімдеді.

ктк мунай 2022

"Краснодар өлкелік соты Новороссийск қаласының Приморск аудандық сотының "Каспий құбыр консорциумы - Р" Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 14.1.2-бабының 4-бөлігі бойынша 30 тәулікке қызметін әкімшілік тоқтата тұру түріндегі әкімшілік жазаға тарту шешіміне түскен қарсы шағымды қарады. Материалдарды қарап, тараптардың уәждерін тыңдаған апелляциялық сатыдағы сот аудандық соттың шешімін өзгертіп, "Каспий құбыр консорциумы – Р"-ға 200 мың рубль мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолданды. Қаулы заңды күшіне енді", - делінген соттың дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде.



Еске сала кетейік, 6 шілдеде Ресей соты экологиялық құқық бұзушылықты сылтауратып, КТК жұмысын бір айға тоқтатқаны белгілі болды. Қазақстан үкіметі қазірдің өзінде Ресей әрекетінің салдарын қалай жеңілдетуді ойластырып жатыр. КТК сол күні Ресей сотына қайтарымсыз салдарлардың туындау қаупіне байланысты шешімнің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінген.

7 шілдеде Қазақстанның Энергетика министрлігі қазақстандық мұнай КТК жүйесімен Ресей арқылы тұрақты режимде экспортталатынын айтып, сендірген.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр