Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мұсылмандарына басқа дін өкілімен некелесуге тыйым салынды

Ресей мұсылмандары діни басқармасы теологиялық пәтуә шығарып, ел аумағында мұсылмандардың басқа дінді ұстанушылармен некелесуіне жол берілмейтіндігін мәлімдеді.

«Ресей Федерациясының аумағында аралас некелер, атап айтқанда Кітап иелерінің өкілдерімен (иудаизм мен христиан дінін ұстанушылар. - Ред.) тек жекелеген жағдайларда жергілікті мүфтидің шешімі бойынша мүмкін болады. Жергілікті мүфти жағдайдың барлық жағдайларын қарастырады және ескереді», - делінген құжат мәтінінде.

Пәтуаға сәйкес, мұсылман әйелдер басқа дін өкілдеріне тұрмысқа шыға алмайтынын ескертті. Әйел барлық жағдайда күйеуіне мойынсұнады. Егер күйеуі мұсылман болмаса, онда мұсылман әйелі біртіндеп өзінің діни ұстанымдары мен құндылықтарынан бас тартуы керек болады» делінген құжатта.

Мұсылмандар діни басқармасының айтуынша, аралас некенің жағымсыз салдары - басқа дінді ұстанатын ананың өз көзқарасын балалар бойына сіңіруі. 

Мұсылмандар діни басқармасы ерлі-зайыптылар үшін жалпы өмірлік құндылықтардың болуы маңызды екенін баса айтты.

«Ерлі-зайыптылардың дін мен руханияттағы бірлігі, ұқсастығы - олардың бақытты өмір сүруінің ең маңызды шарты», - делінген мәтінде.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Қараша, 2020 17:32
Талқылау