AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей кез келген уақытта операцияны тоқтату үшін негізгі талаптарын атады

Кремль Киевке үндеу жолдап, Мәскеу қойған талаптарды орындаса, кез келген уақытта Украинадағы операцияны тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Reuters басылымына айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресей

Песковтың сөзінше, Украина әскери іс-қимылды тоқтатып, конституцияға өзгерістер енгізуі керек және бейтарап мемлекет мәртебесін бекітуі қажет. Сонымен қатар Қырымды Ресей жері ретінде мойындап, Донецк пен Луганскты жеке мемлекет ретінде жариялауы керек. 

Песков бұл туралы Ресей-Украина арасындағы үшінші келіссөзге дейін айтқан. 

Кремль өкілінің сөзінше, Киев аталған талаптармен таныс. Алайда Украинаның талапты орындау-орындамайтыны әзірге белгісіз.



"Оларға операцияның кез келген уақытта тоқтайтынын айтты. Расымен, біз Украинаның әскерін жою мақсатына жетіп қалдық және жақында аяқтаймыз", - деді Песков. 

Украина делегациясы Ресеймен келіссөз кезінде бейтарап мәртебесі туралы талқылауға дайын, бірақ Қырым, Донецк және Луганкс мәселесін қарау мүмкін емес екенін мәлім еткен. 

Айта кетейік, Ресей бұған дейін өзіне достық қарым-қатынас танытпайтын елдер тізімін жариялаған еді. Тізімде Еуроодақ елдері де бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр